ШЫМКЕНТ: 13 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу басталды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 12 тамызында 13 жастағы жасөспірімнің өліміне әкеп соққан себебін анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Аталған жайт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі «абайсызда қазаға ұшырату» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Шымкент қаласы Полиция департаменті